$ 494.87  520.65  4.91

Әскери бөлімнен қару ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қару-жарақ әскери бөлімнен бір уақытта шығарылмағанын айтты.

 Шымкенттегі 10/216 әскери бөлімінен қару ұрлау фактісі бойынша 8 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды жергілікті Оtyrar.kz.

Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек,сот үкімі онымен сыбайлас болды деген өзге де айыпталушыларға шықты. Олардың екеуі енді алағы 8 жылын темір торда өткізеді. Тағы бірі 5 жылға, үшеуі үш жылға сотталды. Айыпты деп танылған сегізінші азамат сот залынан босатылды.

Екінші курс студенті Бекжан Санжар мемлекетке 500 АЕК яғни, 1 млн. теңге беретін болды. Бірақ, қылмыстық істің бас фигуранты деп танылған Абылай Балғынбай аталған жазамен келіспейді.

Еске сала кетейік, ол бұған дейін ұрлыққа командирінің бұйрығымен барғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары