$ 494.87  520.65  4.91

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

Куәгерлердің айтуынша, наразылық білдірушілер кабинеттердің бірін әдейі өртеп жіберген.

Бішкекте жанында Президент кеңсесі орналасқан Қырғызстан парламентінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24», Интерфакс дерегіне сілтеме жасап.

Өрт ғимараттың батыс жағындағы төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші қабаттардағы жеке кабинеттерге тарап үлгерген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Бұған дейін елдегі парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірушілер өрт сөндіру көлігімен парламент ғимаратының қақпасын қағып, содан кейін ғимараттың ішіне кіріп, бүлік шығарды. Куәгерлердің айтуынша, наразылық білдірушілер кабинеттердің бірін әдейі өртеп жіберген. 

Бішкектегі қақтығыстар 5 қазанда Қырғызстан парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары жарияланғаннан кейін басталды. Демонстранттар қайта сайлау өткізуді талап етуде. Манифестанттарды тарату үшін милиция суатқыштарды, көзден жас ағызатын газды және жарық шуылы гранаталарын қолдануда. 

Қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Наразылық білдірушілер бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан, сондай-ақ елдің бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты колониядан босатты. Создай-ақ:
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары