$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда кішкентай қыздарға тиісіп жүрген педофил туралы ақпарат тарады

Хабарлама авторы полицияға жүгінгенін айтады.

Әлеуметтік желіде Ақтауда белгісіз бір ер адам кішкентай қызды тәтті беріп алдап, қақпанына түсірмек болғаны туралы ақпарат пайда болды. Аудиожазбамен бірге болжалды педофилдің фотороботы да тараған. Хабарламаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Nur.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қауесетте 2-шағын ауданда ер адамның жүргені айтылған. Ол кішкентай қыздарға барып, тіпті, бірін шоколод әперемін деп дүкенге шақырған.

 Хабарлама авторы полицияға жүгінгенін айтады. Осы жазбамен қатар қалалықтар бір-біріне болжалды қаскөйдің фотороботын да жіберген. Өңірдегі полиция департаментінің айтуынша, тәртіп сақшыларына соңғы екі тәулікте кішкентай қызды тәтті беріп алдамақ болған ер адам туралы хабарлама түспеген.

 Ведомство тараған фоторобот өздерінің деректер базасында жоқ екенін айтты. Полиция Ақтау тұрғындарынан осындай жағдайлар туындаған жағдайда жедел түрде "102" нөміріне қоңырау шалуды сұрады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары