$ 494.87  520.65  4.91

Бұдан былай «Астарлы ақиқат» бағдарламасын кім жүргізеді

Оның сөзінше, отандық телевизия саласына тың серпіліс керек екен.

 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/
Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі өзгерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оны Дина Төлепберген таныстырды. Журналистің сөзінше, бағдарлама тізгіні Бердімұрат Хасенұлында болмақ.

Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы – талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде «поледегі» қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым – соған дәлел. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз, – деп жазды экс-жүргізуші.

Айтуынша, отандық телевизия саласына тың серпіліс керек екен.

Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының (узкий спецалист) жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат – заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға , отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін… Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!, – деп жазды тележүргізуші.

Еске салсақ, бұған дейін Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» жобасынан кеткенін мәлімдеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары