$ 443.35  475.54  4.82

Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжемен кездесіп, батасын алды (ВИДЕО)

«Апама әзілі жарасып-ақ тұр».

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзін көргісі келген кейуананың үйіне арнайы іздеп барып, үлкеннің батасын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зылиха әже Шымкент қаласының тумасы екен.

Аллаға шүкір, Зылиха әжеме барып, маңдайынан сүйіп, батасын алу бақыты бұйырды. Апа, сізді Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде жариялапты. Күллі қазақ: «Қандай сұлу, сүйкімді, тәп-тәтті әже», деп сізге ғашық болып жатыр», – дегенде апаның айтқаны ғой: «Бет біткеннің сұлуы екен дей ме мені» деп. Апама әзілі жарасып-ақ тұр. Расында, әдемі қартайған кісі екен, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші ең қарт тыңдарманына камзол кигізіп, иығына жаулық жапты. Желі қолданушылары өнер иесіне риза болып жатыр.

«Әжеміздің ақ батасы қабыл болғай! Жүз жасасын», Қонаев атамыз сияқты бұл кісі де, қанша жұлдыз болса да адамдық қасиеті сақталған», «Көзімнен жас шығып кетті ғой, өзім барып сүйгендей болдым-ау!?», – деп жазды әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары