Айдарбекова барынша көп саяхаттауға тырысатынын айтты.
Жуырда Вьетнамнан ұшып келген Гүлзира Айдарбекова енді Кипрға демалуға аттанды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Гүлзира Айдарбекова тағы да Кипр аралына аттанғанын Instagram парақшасында хабарлады. Продюсер өз парақшасында ыстық мекеннен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Айдарбекова ел аралап, жер көріп, барынша көп саяхаттауға тырысатынын айтты.
Ескі жылдың соңы Германия, Турция, Американың бірнеше еліне сахатымызбен тәмамдап едік. Ал енді жаңа жыл басталысымен Вьетнамда демалу бұйырса, 20 күнге жетпей міне, бүгін ойламаған жерден Кипрға ұшып барамыз. Былтырдан бері тек шетелде демалуымның себебі, «солай өтсінші» деп тілеп, жазып қойып едім. Шынында шын ниетпен Алладан сұрасаңыз армандар орындалып жатады, – деп жазды продюсер.