Бір күнде беру міндетті емес.
Белгілі актриса, бірнеше киноның продюсері Құралай Анарбекова мәһрге қандай нәрсе қалайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің ойынша, мәҺр ұрпаққа мұра ретінде қалуы керек екен.
Мәһрге қыздар көлік немесе үй сұрап жатады. Менің арманым – отбасылық кітапхана жасау. Оның қандай болатынын жобалап, ойластырып қойдым. Болашақ күйеуім 2 мың кітап берсе деймін. Қолжетімді бәрінің үйінен табылатын кітап емес, түпнұсқа, ешкімнің қолына түсе бермейтін құнды кітап сұрар едім. Бір күнде беру міндетті емес. Жылдар бойы бірге жинап, кітапты балаларымызға, немерелерімізге мұра етіп қалдыру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша жақсы кітаптар сыйласа екен, – дейді актриса.
Ал өз кезегінде желі қолданушылары кино жұлдызын бірауыздан қолдап шықты.