$ 443.37  474.49  4.83

Белгілі блогер көріпкелдік қасиетке ие екенін айтты

Мен сөйлей бастасам анам "Айжан, сен ештеңе айтпашы" деп шығады.

Фото: instagram.com bayzakova
Фото: instagram.com bayzakova

Белгілі блогер Айжан Байзақова болашақты болжай алатын қасиеті барын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айжан Байзақованың сөзінше, оның бұл қасиетіне отбасындағылары сенбейді екен.

Менің аузымнан шыққан сөз орындалып жатады. Сол үшін үйдегілерден де ұрыс естимін. Мына видеоны 24 желтоқсан күні салдым. Бұл жерде жатар алдында үнемі отбасымды төтенше жағдайдан құтқару жоспарын құратынымды айтып жатырмын. Осыдан кейін келесі айда Алматыда жер сілкінді. Бұл әрине "апокалипсис" емес. Бірақ менің ойлағанымдай жағдай болды деп айта аламын. Менің айтқаным келген жағдай өте көп болған. Бәрі аяқ астынан орындалып кетеді. Мен сөйлей бастасам анам "Айжан, сен ештеңе айтпашы" деп шығады. Үйімізде көмекшіміз бар еді. Соған әзілдеп, "ертең келмеймін демеші, сен бізге керексің" дегенімде шынымен ауырып, келе алмай қалған, – дейді Айжан. 

  

Фото: Айжан Байзақованың сторисі

Сонымен қатар жақында ғана бас қалаға көшкен Айжан  ондағы тіршілігі қалай өрбіп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары