$ 494.87  520.65  4.91

«Бала-шағам қиналып қалмасын»: Қайрат Нұртас адвокаты арқылы жақындарына деген уайымын жеткізген (ВИДЕО)

Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртастың балаларымен түскен видеосын жариялап, немерелері бұл жағдайға қатты уайымдап, әкелерінің бостандыққа шыққанын күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Продюсердің айтуынша, ұлы қамауда отырғанда да отбасы үшін уайымдап, оларға көмектескенін айтты.

"Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, "апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз" деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған шығар. Қашанда армандарын орындау - бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, "не сұраса да салып отырсыншы" деп "бала-шағам қиналып қалмасын" деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайыдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, менде солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама, Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары