$ 479.38  531.63  5.27

«Толық жауап болады»: Азамат Сатыбалды айлық алмаған «Қазақфильм» қызметкерлеріне қатысты

«Қазақфильм» студиясының вице-президенті 88 млн қарызы бар екенін растаған еді.

Фото: AZAMAT SATYBALDY инстаграм парақшасынан
Фото: AZAMAT SATYBALDY инстаграм парақшасынан

«Қазақфильм» киностудиясының Президенті Азамат Сатыбалды соңғы кезде шыққан шуға қатысты қысқа жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана бір жылдан бері еңбекақыларын ала алмай сабылып жүрген «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері шу шығарған болатын.

Анығырақ айтсақ, «Алтын адам» толық метражды анимациялық фильмін дайындаған аниматорлар өздеріне тиесілі жалақыларын ала алмай жүргенін айтып, Азамат Сатыбалдының шығып жауап беруін талап еткен еді.

Кездесуге келмеген танымал актер әрі киностудияның Президенті әлеуметтік желіде жақында толық жауап шығатынын жазды.

Ей, пендем.
Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың.
Соны ұмытпа.

Жала жабу.
Аяқтан шалу.
Жұмыс жасатпау.
Көре алмаушылық.

Бір-екі күнде мақала шығады.
Толық жауап сол жақта болмақ.
Аллаға аманат, - деді ол.

Айта кетейік, «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдар Омаров «Алтын адам» жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растаған еді. Ол туындыны 100 пайыз жасап жібергенмен, тапсырыс берушінің қабылдамағанын жеткізген болатын.

Бірақ оның жауабы жұрттың көңілін көншітпеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қазақфильм» 300 млн теңге бөлінген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс тапқан

«Қазақфильмнің» бұрынғы вице-президенті сотталды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары