$ 494.87  520.65  4.91

«Орамалмен теледидарға шығуға рұқсат жоқ»: Сара Тоқтамысова қандай қиындыққа тап болғанын айтты

Орамал таққан қыз-келіншектерге қатысты қоғамның көзқарасы екіге бөлінген. 

Фото: ©instagram.com/sarkanai
Фото: ©instagram.com/sarkanai

Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова орамал тағудың қиындықтары жайында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, орамал таққан қыз-келіншектерге қатысты қоғамның көзқарасы екіге бөлінген. 

Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым, – деп жазды ақын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 10
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары