$ 515.03  584.82  6.24

«Жан дүниеме бір сәтте жылулық төкті»: Журналист Дана Нұржігіт Батырхан Шүкеновпен болған оқиғаны еске алды

"Жымиып қана бас изеп тұр".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әнші Батырхан Шүкенов жайлы естелігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Нұржігіт танымал әншінің өмірден өткен күнінде сағынышпен еске салды.

«2010 жыл…Әлімге аяғым ауыр. 6-7 айына дейін сахнадан түскен жоқпын, студиядағы жұмысты тоқтатпадым. Менің жағдайымды бірі аңғарса,бірі аңғармайтын.
Бір күні той басқаруға шақырды. Арнайы көйлек тіктіруге тура келді. Жасыл шифонды молынан алып,төгіліп тұратын әдемі көйлек шықты. Менің жағдайым тіпті көрінбейтіндей болды деп көңілім жайланды.
Биік өкше туфли,грим, сәнді шаш үлгісін жасап,қыздай құлпырып шыға келдім.
Той орта шеніне жеткен сәтте,кеш соңында шығатын Батырханға хабар бере беріңіздер,дайындала берсін деп көмекшілерге айтып, сахна сыртында тұрмын. Ұзыннан ұзақ тост, бір батальон болып шығатын туғандар тілек айтып жатыр. Бергі жақта тұрған менің аяғым талып, белім сыздап тұр.
Кенет ту сыртымнан біреудің ақырын таяп келіп, екі иығымды қысып жатқанын сездім. Бейтаныс адам құлағыма жақындап келіп,сыбырлап:”Поздравляю, это самое главное!”-деді.
Жалт бұрылсам,Батырхан! Жымиып қана бас изеп тұр. Қайран, ағатайым-ай! Айналамда қаншама адам жүр! Солардың ішінде дәл осындай сезімталдықпен, ағалық көңілмен, сондай қамқорлық, жанашырлық ниетпен ақырын ғана жымиып келіп, иығымнан қысып тілек білдіріп, жан дүниеме бір сәтте жылулық нұрын төккен жалғыз Батырхан ағам еді!
Қандай жаны нәзік, бәрін қабағыңнан ұғып тұратын, түйсігі мол сұңғыла азамат еді?! Бүгін Батырхан Шөкеновтің фәни дүниеден өткен күні. Өшпейтін өкініш,мәңгілік сағыныш…», - деп жазды Дана Нұржігіт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары