$ 509.51  570.6  6.3

«Әйелімен бармай ма»: Анасымен ғана шетелге аттанған Қайрат Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)

Өнер иесінің жақында ән сапарға дайындалып жатқанын анасы айтып берді.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Қайрат Нұртас анасымен ғана шетелге қыдырып кетіп, көптің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің жақында ән сапарға дайындалып жатқанын анасы айтып берді.

“Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз”, – деп жазды продюсер. 

Алайда желі қолданушылары әншінің анасымен бірге қыдырып жүргенін сынап жатыр. Сөздерінше, өнер иесі әйелі мен балаларымен қыдырса жарасымды болады екен.

“Қайратты отбасынан ажыратпауы керек. Қызғансаң да, қимасаң да оның отбасы бар. Ән сапардан келгенде әйелі күтіп алмай ма?!”, “бәріне Гүлзира кінәлі емес”, “Жұлдызбен неге бармайды”, “Қайратты кейде аяп кетемін”, “Қайда жүрсе де шешесі қалмайды”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары