$ 509.51  570.6  6.3

«Наймандар қайда?»: Бекболат Тілеухан тойда ән айтып 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік мінді (ВИДЕО)

Нағыз жырау деп осыны айт.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Кеше тәлімгер Мұхамеджан Тазабек қызын ұзатқан еді. Дүбірлі тойда Бекболат Тілеухан домбырамен ән орындап, қонақтардың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жыр айтып тұрған Бекболат Тілеуханның видеосын танымал продюсер Айсауле Әбілда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сол кеште Бекболат жырау 15 жылқы, 1 түйе және 1 темір тұлпар иеленген.

«Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта, себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!», - деді продюсер Айсауле Әбілда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 13
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары