$ 509.51  570.6  6.3

«Әлімнің келінімін»: Кәрістің қызы Жеңіс Ысқақоваға сәлем салды (ВИДЕО)

Пай-пай шіркін,қазақтың келіндері-ай! 

Фото: коллаж: turkystan.kz
Фото: коллаж: turkystan.kz

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова кәріс қызының қазаққа келін болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің сөзінше, Қызылорда қаласының тумасы Валентина Кимнің қазақ отбасына келін болғаны 15 жыл болыпты. 

«Валентина, мен сені кәріс деп мүлде ойламаппын. Сенімен кездесіп отырғаныма үшінші рет бірақ сенің таза кәріс ұлтынан екенін білмеппін. «Настя» деген құрбым, мені «Женя» деп жатады сол сияқты сені сол өзіміздің «Валя» деп ойладым», - дейді әнші Жеңіс Ысқақова.

Ал кәріс қызы болса еш ойланбастан, «Мен Әлімнің келінімін, қазақ еліне бір сәлем», деп сәлем салған.

Бұл қылығына риза болған әнші қазақтың келінін бір мақтап қойды.

«Пай-пай шіркін,қазақтың келіндері-ай! Елге келіп,көңілім толып отырған сәт!», - деді әнші.

Айта кетейік, Валентина Ким қазіргі таңда үш баланың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары