$ 494.87  520.65  4.91

«Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі түсіріліп бітті

Алматыда «Елбасы жолы» киноэпопеяның төртінші бөлімі аяқталды, деп хабарлайды Алматы-тв.

Аталмыш картина «Партия комитетінің хатшысы» деп аталады. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың партия қатарындағы қызметі суреттеледі.

Фильм өткен ғасырдың 70-ші жылдарын көз алдыңызға әкеледі. Ол кезде Елбасы, Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген. Фильмде отандық актерлерден бөлек, ресейлік әртістер де рөл сомдайды. Рүстем Әбдіраштың кезекті туындысы биыл желтоқсанда көрсетілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары