$ 505.53  593.44  6.34

«Сұлулық эталоны»: Көптен бері көрінбей кеткен Дариға Хасанғалиева елді қуантты (ВИДЕО)

"Арнайы амандасып, батасын алып қайттық". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Продюсер Альбина Қапсәлім әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиеваның үйіне барып, оны мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында продюсер өз парақшасында бөліскен.

Ол қазақ даласында кең тараған «Ескірмеген махаббат» әнін еске алып, шынайы сезімнің уақыт өткен сайын қадірі арта түсетінін атап өтті.

«Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиев атамыздың музасы әрі өмірлік серігі болған Дарико апайымызды жаңа жылымен құттықтап, арнайы амандасып, батасын алып қайттық. Дарико апай — сабыр мен сұлулықтың, парасат пен нәзіктіктің үйлескен бейнесі. Нағыз әйелдік сұлулықтың эталоны десе болады. Осындай аналардың батасы — ұрпаққа аманат», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары да қазақстандық музыканың аңыз тұлғасының жарына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін қалдыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары