Келініне арнап бейнебаян түсірген Байырбекова Динарамен жақын құрбы екенін айтты.
Әнші Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиевамен ерекше суреттер жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Келініне арнап бейнебаян түсірген Байырбекова Динарамен жақын құрбы екенін айтты.
"Динара құрбым болса да, мына фотоға қарасаң кәдімгі ауылдағы абысындардың бірлігі мен жарасымын еске салады-ау шамасы. Құрбылық пен абысындықтың шекарасы білінбейтін, жылуы бөлек, сыйластығы ерекше сәт", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да бұл суретті жылы қабылдап түрлі пікірлерін жарыса жаудырды. Олардың ішінде Динараның жүкті екенін болжап жатқандар да бар.
"Динара ханым жүкті ме", "Сұлулық", "Жап-жас енелер", "Кішкене шынайылық жетіспей тұр", деді олар.