$ 512.83  600.58  6.36

«Көп күттім»: Өзінен 6 жас кіші әншіге тұрмысқа шыққан визажист сүйінші жаңалығын айтты (ФОТО)

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Өзінен алты жасқа кіші әнші Ринат Шамшырақпен отбасын құрған косметолог Аружан Төре қуанышты хабарын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол араға 8 жыл салып бала көтергенін сүйіншіледі. 

"Алла қаласа 8-жылдан кейін 2-рет ана атанамын. Құттықтап қойсаңыздар болады. Көп күттім, қатты қаладым, армандадым. Бөпе күтіп жүрген жандарға жұғысты болсыншы", - деп жазды Аружан Төре. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. Көпшілік келіншектің әнші күйеуінен ажырасып кеткенін айтқан. 

"Қалай ажырасып жүріп көтере бересіңдер", "Қуанышты жаңалық, құтты болсын дегенмен ұятты да ұмытпайық", "Кіндігіңді жап", "Аман-есен босанып ал", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 107
Күлкілі 4
Ашулы 25

Серіктес жаңалықтары