Бұл туралы продюсердің өзі парақшасында сүйінші сұрап, мәлімдеді.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үшінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы продюсердің өзі парақшасында сүйінші сұрап, мәлімдеді.
"Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған,бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгера келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым: Көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрек жарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Атасын да осында қосып қояйын, атасының жеке келінін құттықтап қойыңыздар! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!", - деп жазды Айдарбекова.
Алайда оқырмандардың бір бөлігі жақсы жаңалықпен құттықтаса, енді бірі келіндерін бөліп жарғанына шамданды.
"Шіркін, Жұлдыз босанғанда осылай құттықтап салғаныңызда ғой", Қалай десе де отбасын сақтап жүрген Жұлдызға еш келініңіз жетпейді", "Кішкенетайдың бауы берік болсын", "Немереңіз құтты болсын", - деп жазды оқырмандар.