Бейнеролик әр 30 минут сайын шығарылған.
31 желтоқсанға қараған түні Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы үлкен экранда Димаштың бейнеролигі көрсетілді, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның видеосын көрсетуді Нью-Йорк пен АҚШ-тың басқа қалаларындағы жанкүйерлер ұсынған.
Бейнеролик әр 30 минут сайын шығарылған. Нәтижесінде Димаштың видеосы Таймс-скверде 44 рет көрсетілген. Әр көрсетілімнің ұзақтығы 30 секунд болған.