$ 512.83  600.58  6.36

«Кенжебектің бажасы»: Жанболат пен Жазираның кіммен құда болатыны белгілі болды (ФОТО)

«Тең-теңімен деген осы». 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Жақында жалғыз ұлдары Қазыбекті үйлендіргелі жатқан жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның болашақ құдаларының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желі қолданушылары әнші Жазира Байырбекованың бірнеше күн бұрын жариялаған видеосын мұқият зерттеп, кадрлардағы жайттарға назар аудару арқылы жаңа құдалардың кім екенін анықтаған.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, Жанболат пен Жазираның болашақ құдалары — «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің бажасы болып шыққан. Кенжебектің әйелі болашақ келіндерінің әпкесі болып шықты. Бұл туралы желі қолданушысы Ару Кемелбек жазба қалдырған.

Жаңалық көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Пікір білдіргендер : 

«Жанболат пен Жазира кіммен құда болуды біледі», «Бұрын әнші Алтынайдың қызы айтылған еді», «Тең-теңімен деген осы», «Жастарға бақыт тілейміз», «Өте әдемі қыз екен, көз тимесін», деген мазмұндағы ойларын жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 145
Ұнамайды 14
Күлкілі 5
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары