$ 496  588.01  6.42

«Қазір менің саясат­та шаруам жоқ»: Жүрсін Ерман бүгінгі жай-күйі жайлы айтты

Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді.

Видеодан кадр: Жандарбек Бұлғақов бағдарламасы/Youtube
Видеодан кадр: Жандарбек Бұлғақов бағдарламасы/Youtube

Биыл ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 75 жасқа толды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді. Таяуда AIQYN газетіне берген сұхбатында "қаламгер саясаттан бөлек өмір кеше ала ма?" деген сұраққа айтыскер ақын былай деп жауап қатты: 

Кешеді. Қазір менің саясат­пен шаруам жоқ. Алайда ел ішінде болып жатқан саяси үдерістен тыс қалмай, назарымда ұстаймын. Қазіргі уақытта конституциялық реформаларға байланысты қо­ғамдық пікірталас қызу жүріп жатыр. Бұл жағдайдың бәрін жіті бақылап отырамын. Осындай сая­си оқиғаларға қатысты менің де өз пікірім бар. Бірақ оның барлығын айтып, жұртқа жария етпеймін, - деп жауап берді ақын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0