$ 489.3  578.94  6.38

«Арман аға бір аунап қалған шығар»: Арман Дүйсеновтың әйелі қуанышты хабар жеткізді (ВИДЕО)

Журналист бұл жаңалықты "сүйінші" деп жариялап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтылғанын жеткізді.

Фото: Жеке парақшадан алынды
Фото: Жеке парақшадан алынды

Марқұм композиор Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу ханым қуаншыт хабарымен бөлісті. Бұл туралы танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу ханым сот шешімімен өз үйін қайтарып алған. Журналист бұл жаңалықты "сүйінші" деп жариялап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтылғанын жеткізді.

"Ардақты ағайын, сүйінші. Арман Дүйсеновтің келіншегі Айсұлу ханым соттың шешімімен үйін қайтарып алды. Қолдау көрсеткен барша қазақ еліне Айсұлу ханым алғысын білдіруде", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0