Желіде тараған бұл сәт көпшіліктің оң пікіріне ие болып, актердің жанкүйерлері қатарын тағы да арттыра түсті.
Танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайына деген ерекше ілтипаты көпшіліктің жүрегін елжіретті. Әлеуметтік желіде тараған видеода актердің жарына деген нәзік қарым-қатынасы анық байқалады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрларда Азамат Сатыбалдының жұбайын еркелетіп, құшағына алып, қамқорлық танытқан сәті көрінеді. Желі қолданушылары бұл көріністі жоғары бағалап, актердің отбасына деген құрметі мен сезімталдығына тәнті болғандарын жазуда.
Пікір қалдырушылардың бірі: «Нағыз ер азаматтың ісі», «Әрқашан сезімтал, эмоцияға бай жан екені көрініп тұр», «Осындай күйеуім болса ғой», «Сезімге толы сәт» деген жылы лебіздерін білдірген.
Желіде тараған бұл сәт көпшіліктің оң пікіріне ие болып, актердің жанкүйерлері қатарын тағы да арттыра түсті.