$ 445.66  474.58  4.78

Елбасы Қазақ хандығының айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсіру өзектілігін атап өтті

Бүгін Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесуде отандық кинематографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды.

«Мемлекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті. 

Қазақстан Президенті Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынын адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдер жасаудың маңыздылығын да айтты.

Е.Аманшаев киностудияның жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан астам көрермен жинағанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары