Айтуынша, оның қазасы жанына қатты батқан.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова сіңілісі Сәуле Базархан жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, оның қазасы жанына қатты батқан.
«СӘУЛЕШІМ, аз өмірді бағалау керек екенін меңзеп кеткендей болды маған. Қоршаған ортаңыздағы жақындарыңызды барында бағалаңыздар! Өте жақсы жан еді. Еш уақытта өсек айтпайтын, ешбір адамды жамандамайтын — ең мықты қасиеті еді.
Бәріміздің мекеніміз бір, ертелі-кеш кетеміз деп өзімізді жұбатқанмен, өкініш өртей береді екен. Бір жақсы адамыңнан айырылғаның ішіңді өртей береді…
@RASHIDA_AYUPOVA.KZ қаншама рет Сәулемен әлемнің түкпір-түкпіріне барып еді. Естелік болып қаларын кім ойлаған…
Не деген толассыз хаттар, пабликтің қайсысын ашсаң да — “Сәулешім…”», — деп жазды ол.

