$ 467.41  533.88  6.14

«Жаттап алса қайтеді»: Тұрсынбек Қабатов бата беремін деп, елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Өз балаларына бата бере алмаған адам жұртқа бата бермесін!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың ұлттық киім киіп, бата берген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода өнер иесі оюлы шапан киіп, мейрамханаға ақ батасын береді.

– "Сандық" мейрамханасы жасасын. Қандай керемет мейрамхана. Қазақы нақыштағы осындай орындар көбейе берсін. Шүкір, Аллаһу акбар», – дейді Тұрсынбек Қабатов.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі бұл видеоға оң көзқарас танытпады. Пікір қалдырушылардың арасында әзілкештің батасына да, жарнамалық сипаттағы видеосына да сын айтқандар көп болды.

Желіде: «Сен бата бермей-ақ қойшы», «Өз балаларына бата бере алмаған адам жұртқа бата бермесін», «Төрт қатар бата жаттап алса қайтеді» деген сарындағы пікірлер жиі жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0