Динара Сәтжан болашақ құдаларының алдынан өтіп, қоржын апарған.
Бірнеше жыл бұрын өзіде келін атанып, оң босағаны екінші рет аттаған Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің жалғыз ұлын үйлендіріп, ене атанбақ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Проюдсер болашақ келініне сырға тақты.
«Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық. Мен Айнұрды @rashitainura_ 4 жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде, Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік.
Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым. Айнұр тек сүйген жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тыл болатынына көзім жетті», - деді Динара Сәтжан.
Динара Сәтжан болашақ құдаларының алдынан өтіп, қоржын апарған. Қазіргі сәтте проюдсер ұлының тойына дайындалуды бастап кеткен.
«Сырға салу - ең әдемі, тағылымға толы дәстүр. Тіпті, жұбайлық өмірдің алғашқы баспалдағы десек те болады. Ең бастысы - құдалардың алдынан өттік, батасын алдық. Алда ұлымның үлкен тойы. Қалай болар екен деп уайымдап та қоямын. Қасымда ақылшы, жанашыр қос мамам, жөн-жоралғыны жақсы білетін қайын әпкелерім, жаныма тірек болатын жарым бар.
Сондықтан тойдың дайындығын да ерекше ықыласпен бастап кеттік», - деді ол.