3,11 пайыз дауыс алған Қазақстан Халық партиясы белгіленген шектік межеден өте алмады.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылар тізіміне енгізілген 12,6 миллионнан астам азаматтың 9,3 миллионы дауыс беруге қатысқан. Бұл жалпы сайлаушылардың 74,08 пайызына тең.
Алдын ала нәтиже бойынша партиялардың жинаған дауыстары төмендегідей:
Сайлау заңнамасына сәйкес, Құрылтайдағы мандаттарды бөлуге сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинаған партиялар қатыса алады.
Осылайша, 3,11 пайыз дауыс алған Қазақстан Халық партиясы белгіленген шектік межеден өте алмады.
Айта кетейік, партияның сайлау тізімінде танымал тележүргізуші Аша Матай мен әнші Тамара Асар да болған. Алайда ҚХП қажетті 5 пайыздық межеге жете алмағандықтан, партия атынан ұсынылған кандидаттарға бұл жолы Құрылтай депутаты атану мүмкін болмады.