$ 456.88  534.64  5.47

«Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова қаралы хабар айтты

Заман зулап өте шығады екен.

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына ауыр қайғы келгенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айту жазбасын жариялады. Өнер иесі енесінің туған інісі дүниеден өткенін жеткізіп, марқұмның артында қалған туған-туыстарына сабыр тіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актриса жазбасында өмірдің өткіншілігіне тоқталып, кеше ғана қасында жүрген адамның бір сәтте бақилық болғанын айтып, қазаның ауыр тигенін жеткізді.

«Заман зулап өте шығады екен. Кеше ғана ортамызда жүрген адамға қас-қағым сәтте Алладан әмір келіп, мәңгілік сапарына аттанды. Жүрек езіліп, сағыныш пен қимастық қанша қыспаққа алса да, ақиқатқа бас иіп, Алланың әміріне мойынсұнып қайттық. Ағайынға Алла сабыр берсін!» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ актриса марқұмның жаны жәннатта болып, иманы жолдас болуын тіледі.

«Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алдынан жарылқап, иманы жолдас болып, жаны жәннәтта болғай!» – деді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасына оқырмандары да пікір білдіріп, актрисаның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. Ағайын-туысына сабыр тілеп, марқұмның артында қалған жақындарына күш-қуат берсін деген тілектерін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0