$ 498.34  519.72  4.85

«Астана Операда» Мариинский театры қойылым ұсынбақ

Мариинский театры Қазақстанға тұңғыш рет спектакльмен келеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары Рихард Вагнердің жойқын туындысы «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын тамашалайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, спектакль толық нұсқада Ресейдің жалғыз театры – Мариинский театрында ғана қойылады. Астана сахнасында тек екі күн 3 және 4 қазанда Рихард Вагнердің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясының екі бөлігі «Рейн алтыны» мен «Валькирия» ұсынылады.

Театрдың әйгілі спектакльдерінің біріне айналған тетралогияның эпостық ауқымы көне етіліп қойылғандығымен бірегей және оның жер бетінде аналогы жоқ. Қойылымның тұжырымдамасы Валерий Гергиев, Георгий Цыпин. «Рейн алтыны» және «Валькирия» операларының режиссері Юлия Певзнер. Дирижерлық тізгінде – көрнекті маэстро Валерий Гергиев.

Көркем, декорациясы бай қызықты ертегі-тәмсіл Вотанның отбасы, нибелунгтар және алыптар жайлы баяндайды. Қойылымды әлемнің Еуропа, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония елдері жоғары бағалады.

Билет бағасы 500-ден 12 000 теңгеге дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары