$ 494.87  520.65  4.91

Немересіндей қыздан көзін ала алмай қалды: Тұрым Алагөзов Кәмшат Жолдыбаеваға ғашық па?

Тұрсынғали Алагөзовтың әкесі Тұрым Алагөзов танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сұлулығына «сынып» қалды деп жазады 365info.kz. «Қазақ аруы» байқауында ән айтқан Кәмшаттан көзін бір секундқа да ала алмаған Тұрым қария оны ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Сұлулығымен көпті тәнті еткен Кәмшаттың өзі де сахнаға қысқа әрі денесіне жабысқан көйлек киіп шығып, тек Тұрым атайдың емес, залда отқан талай еркектің нәпсісін қоздырды десек артық айта қоймаспыз. Ол бірнеше ән айтып, байқаудың көркін қыздыра түсті.

Ал, әншіден көзін ала алмаған үлкен Алагөзов «керемет әнші, әрқашан биікте жүреді» деп, таңданысын жасыра алмады.

Айта кетейік, Тұрымның ұлы Тұрсынғали Алагөзов бірінші әйелін бала-шағасымен тастап, танымал продюсер Баян Мақсатқызына үйленіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары