Қазақстандықтар арасында хайп деген сөз аса танымал болып бара жатыр. Тіпті хайпсыз танылудың жолы жоқ сияқты. Ал хайп дегеніміз не?! Осы бір оспадарсыз жолмен жұлдыз болудың ақыры қайда апарады? Атын шығару үшін түрлі құрбандықтарға барып жатқандардың мақсаты қандай?
Хайп сөзі ағылшынша «High Yield Investment Program» деген бірнеше сөздің қысқарған түрі. Негізінен табысты, пайдалы инвестициялық жоба деген мағына береді. Алайда бұл сөзді көпшілік түпкі төркінінен гөрі шу шығару, алдап арбау арқылы өзіне жарнама жасау деп біледі. Атам қазақ айтып кеткен «Атың шықпаса жер өртенің» кері деп мәлімдейді 31 арна.
Біздің елде дәл осы жолды таңдап, танымал болғысы келетіндер көп ақ.
“Осы қазақтар ойлап тапқан шығар сол хайпты. Сөз жаңа болғанмен, ұғым ол қазаққа тән ұғым”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың санын көбейтемін деп санын жалтырататындар, жылдар бойы жасырып келген жарларын жалпақ жұртқа жария еткендер де, Төреғалидың ән кешіндегі әйгілі шуды да хайп деп санайтындар аз емес.
Ол аздай молдалар да хайпты қатыратын болған.
Пиар менеджер Ринат Тәттібай шоу бизнес нарығында 10 жылдан бері көрмегенім жоқ дейді. Ринатқа атағымды асқақтатсаң болды айтқаныңды істейміз деп хабарласатындар аз емес екен.
“Телефон шалып, кездесулерге шақырып, Қандайда жолмен болса да туысымды бауырымды, әпкемді танымал қылып берсең ақшаны қардай жаудырамыз деп миллиондап ақша береміз, пәтер береміз деп”, – дейді PR-менеджер Ринат Тәттібай.
Ал айтыскер ақын Ринат Зайытов арзан атақ қуғандарды жахандануға ғана емес, жаппай мәңгүрттенуге атсалысып жүргендер деп атады. Ел болу үшін, экранды түзегісі келмейтін үкіметте де гәп бар деп күдіктенеді ол.
“Кез-келген басқарушы органдар болсын, барлығының бір көздеген мақсаты ол жаңағы қоғамды жаппай мәңгүрттендіру. Себебі мәңгүрт адамды басқару өте оңай. Журналистердің де арасында қазір көп мысалы. Неше түрлі бағдарлама ашып алады, әйтеу танымалдығымды арттырсам болды, біреумен біреу төсек қатынасы. Шатағы қанша оның? Кімнен кім төсекте жатқанына, қай уақытта жатқанына? Мен танымалдығымды арттырам деп ойлайды да, ар жағында ол қоғамды бұзып жатқанын, ұрпақтың алдында үлкен қылмыс жасап жатқан түсінбейді адамдар”, – дейді ақын Ринат Зайытов.
Психологияда хайпқа тәуелді болудың өзі емделмес дертке апаруы мүмкін екен. Шу шығарып Шолпан жұлдыз болғысы келетіндер психологтарға жедел қаралғаны жөн дейді мамандар.
“Қазір енді жас кезінде көрсететін жерлері сұлу шығар, иісі жақсы шығар. Қазір көрсетіп жатыр ғой. Ертең оларда мысалы бір психикалық ауытқушылық болуы мүмкін. Неге дегенде қазір жас кезінде бәрі ах-ах, келе ғой, көрсете ғой деп тұр. Ал ертең қартайғанда ана жері әжім мына жері әжім, оған ешкім бармай қойса не болады?!”, – дейді психолог Анн Құдиярова.
Халқымыздың ұл-қыздары ұлы даланың жұлдыздары болғанға не жетсін. Десе де хайп, ескексіз қайық сияқы. Қайда апарып тастайтыны белгісіз.
Дереккөз: Stan.kz