Жақында ғана Алматы мен Астанада жеке шығармашылық кешін өткізген Қайрат Нұртас елге 4 баласын арнайы таныстырды. Шарада өнер иесінің сәбилері жан-жақты екендерін көрсетіп, халықтың көзайымына айналды. Қайрат болса балаларын осылайша ел алдына шығаруды көптен армандағанын айтқан болатын. Әсіресе, кішкентайын ерекше жақсы көретінін жасырмады.
«Әр қайсысын әр қалай еркелетемін. Бірақ енді кішкентайымызды «Ханюша, Ханюша» деп еркелетеміз. Қалғандары өсіп кетті ғой енді қазір. Кішкентайын иіскеп, құшақтап еркелетемін», – деді әнші «Астана» арнасынан шығатын «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.
Ал әншінің Алау есімді екіншісі Қайраттың әкесінің жекеменшік қызы екен. Десе де, Нұртас Айдарбеков 4 немересін бөліп жармай, алақанына салып отыратынын айтып қалды.