Әнші Жазира Байырбекова мен оның туған ағасы арасындағы реніш көпшіліктің назарын аударған мәселе болды деп жазады Stan.kz.
Сазгер Байырбеков қазірге дейін туған қарындасына өкпелі екенін, ал Жазира болса туған-туыс екен деп жалған сөйлемей, шындықтың жағында екенін айтады.
«Менің ағама еш ренішім жоқ. Ол кісі өкпелеп жүргенін білемін. Мәселе былай болды, Ербол бұрындары бір әуен жазыпты. Оны сол кезде ешкім орындамаған.
Оның ән жазуына танымал ақынның ұсынысы себеп болған. Ақын ағама әннің сөзін де ұстатыпты. Ән жазылады, орындаушы болмай сол бойы ол туынды ұмыт қалады. Жақында Ғазизхан Шекербек сол сөзге аздап өзгешелеу етіп ән жазыпты.
Енді сол туындыны менің ағам Ербол «менікі ұрланды» деп отыр. Мен осы жерде ағамдыкі дұрыс емес екенін айттым.
Ол соған «Бауырым бола тұра мені қолдамадың деп ренжіді. Ол қолдайтын дүние емес. Мен ешкімнің де сөзін сөйлемеймін. Шындықтың жағындамын», — дейді әнші Жазира Байырбекова.