$ 446.49  475.38  4.79

Шымкенттік Назима Жәнібекова Тиматимен дуэт орындайтын болды

Ресейдің «Песни» шоуында Тиматитің көзіне түскен шымкенттік ару Назима Жәнібекова енді рэпермен дуэт орындайтын болды. Қуанышты жаңалықты бойжеткен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Тиматимен бірге ән айтамын. Бұлай болады деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бұны елестетудің өзі қиын», – деді Жәнібекова.

Айта кетейік, Тимати «Песни» жобасының жетекшілерінің бірі. Ол Жәнібекованы алғаш көргенде-ақ ұнатып, нағыз талант иесі екенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары