$ 494.87  520.65  4.91

Қос аяғынан айрылған жігіт Қайрат Нұртаспен кездескісі келетінін айтты (ВИДЕО)

Екі аяғынан бірдей айрылған жігіт эстрада жұлдызы Қайрат Нұртаспен кездесуді армандайды екен. Баланың бұл тілегін әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова орындаймын деп отыр.

«Әркімнің өз арманы болады. Менің үлкен арманым – сізбен кездесу. Сіздің әндеріңізді қатты жақсы көремін. Жұмыста болсам да, үйде болсам да тыңдаймын. Егер уақытыңыз болса, кездесуге қалай қарайсыз?! Үлкен арманым сол. Сізге тек қана бақыт тілеймін», – дейді жігіт дастархан басында.

Айдарбекова алдағы уақытта міндетті түрде бұл баламен ұлын кездестіретінін айтып, сөз берді. Тек видеодағы кейіпкер өзінің қай қалада екенін және байланысын жазса болғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары