$ 494.87  520.65  4.91

Жүктіліктің 5-айы мен үшін қиын кезең болды – Ақбота Сейітмағамбет

Ақбота Сейітмағамбет мен Дәурен Айдарқұлов заңды некелерін қидырып, бірнеше айдан бері жұрттан ара-қатынастарын жасыруды доғарған. Бақытты шағын бастан өткеріп жатқан әнші жүктілік кезіндегі қиындықтарымен де бөлісе бастады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Жүкті кездегі күнім 42-аптада қалай өтті? Қазір соны ойласам күлкім де жылағымда келеді...

Жүктіліктің бастапқы 5-айы мен үшін қиын кезең болды. 5-ай да 5 рет ауруханаға жатып шығу деген бір сұмдық екен. Күніге кезекте тұрып анализ тапсыру, қантсыз, тұзсыз тамақтар. Оның үстіне қысты күні бүкіл дүкендерді аралап «үнді қауынын» зорға тапканымыз. Ал, қалған айлар 6-7-8-9 ойдағыдай өтті деп айта аламын.

Босану мен үшін қиын болды. Түскі сағат 11-ден кешкі 18:25-ке дейін босану залында. Босана салып, наркозбен ұйқыға кеткенім әлі есімде...

Ал, сіз дүниеге нәрестеңізді қалай алып келдіңіз?», - деп тыңдармандарына сұрақ тастады ол.

Айта кетейік, Айдарқұлов пен Сейітмағамбет «Гламур для дур» фильмінен кейін махаббат хикасын бастан кешіріп, мұсалманша неке қидырған. Кейін бір айрылысып, бір қосылды. Қазір араларында Ибрагим есімді бір ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары