Әнші Қуандық Рахым киімге аса қызықпайды екен. Десе де «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында ол 1,5 млн теңгенің костюмін кидім деп мақтанды.
Әншіге бұл костюмді продюсері алып беріпті.
«Ең бірінші 1,5 млн теңгеге костюм алып берген. Ол кезде 50 мың теңгеге киім алуға шамам жоқ. Менің жақсы боп кететінімді, ол ақшаның жүз есе ақталатынын білген шығар. Ол кісілер қырағы ғой», – дейді өнер иесі.
Қуандық Рахым дәл сол костюмді сұрап жүрген достары көп екенін де айтып қалды. Алайда ол сахнадағы алғашқы киімін гардеробынан шығарғысы жоқ.