Мәдениет & Шоубиз 21.12.2018 сағат 09:39  1210

Мырзахан Маханов әйелімен ажырасып кеткен бе?

«Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Махановтың отбасылық өмірінде өзгеріс орын алған көрінеді. Ел арасында эстрада жұлдызының ажырасып кеткені жөнінде қауесет тарады деп хабарлайды 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасы.

Мырзахан Маханов әйелімен ажырасып кеткен бе?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әншінің жарымен ажырасып кеткені жөнінде «Жігіттер» квартетінің продюсері пікір білдірді. Ерғали Әбдірайымов көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты бар шындықты айтты.

«Әзірше білмеймін нақты ажырасқанын. Жас бала емес, кеше үйленген жігіт емес. Сол себепті, әркімнің отбасы өзіне. Отбасылық мәселелерін мен емес, өздері шешеді. Жастары болса 30-дан асты», - деді продюсер.

Мырзахан Махановтың жарымен айрылысып кеткені жөніндегі қауесет, әнші әйелінің танымал квартеттің 15 жылдық концертіне келмегенінен кейін жандана түсті.

«Оның әйелі келген-келмегенін білмейді екенмін. Жанұя болғаннан кейін, келіспеушіліктер болып тұрады. Мүмкін сол кездерде ұрысып қалған шығар. Ренжіспейтін жұп жоқ, артынан татуласып та жатады ғой. Сол себепті бәрі уақытша. Мен болсам, олардың жанұялық жұмыстарына араласпаймын», - деп қайырды Ерғали Әбдірайымов.

Дереккөз: NUR.KZ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар