Тележүргізуші Дана Нұржігіт «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлағандарға 2 жарым жыл түрме мерзімі аз деп есептейді. Бұл туралы тележүргізуші өз Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Іссапардан келе жатып, поезд купесінде зорланған әйел туралы ойласам, төбе шашым тік тұрады! Мен жолда көп жүремін... Көзге елестетудің өзі ауыр! Тәнің зорланғаны - бір, жаның зорланды, намысың тапталды ғой! Мұндай қылмыс үшін екі жарым жыл түрме деген аз! АЗ!», - деді Дана Нұржігіт.
Еске сала кетейік, ең алдымен бұл оқиға туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebook парақшасына жазған еді.
Оқиға 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында «Тальго» пойызының купесінде болған. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келген кезінде купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.
Сондай-ақ, пойызда қыз зорлаған жолсеріктер 2 жарым жылға сотталғанын жазған болатынбыз.