Мәдениет & Шоубиз 06.09.2019 сағат 17:24

Мәдениет министрлігі таланттардың жетістігіне ортақтасып, өздерінің жетістігі етіп көрсетеді - кинорежиссер

Оның айтуынша, таланттар өз Отанында мойындалмайды, сондықтан шет елдерде өнер көрсетіп дәлелдеуге мәжбүр.
Мәдениет министрлігі таланттардың жетістігіне ортақтасып, өздерінің жетістігі етіп көрсетеді - кинорежиссер
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал кинорежиссер Ермек Тұрсынов өз күшімен биіктерді бағындырған таланттардың жетістігіне ортақтасатын мәдениет министрлігіне сын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Бүгінде біздің мәдени жетістіктеріміз кездейсоқ және бір реттік сипатқа ие. Егер Димаш жеңіске жетсе немесе Ержан Максим байқауда топ жарса, мәдениет министрлігінің шенеуніктері соған ортақтасып, мұны өздерінің жетістігі етіп көрсетеді. Шын мәнінде, бұл Димаштың немесе, мысалы, менің досым Тимур Бекмамбетовтің жетістігі", - дейді Тұрсынов ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, таланттар өз Отанында мойындалмайды, сондықтан шет елдерде өнер көрсетіп, дәлелдеуге мәжбүр.

"Біздің отандық қызметкерлер сол кезде ғана қозғала бастайды. Бұлай болмауы керек. Таланттарға қолдау көрсету қалыпты дүниеге айналуы тиіс", - деп санайды Тұрсынов.

Ұлттық кеңес мүшесі ауыл жастарына жағдай жасау керектігіне назар аударды.

"Қазір елімізде тек екі орталық – Нұр-Сұлтан және Алматы ғана бар. Ал басқалары қайда қалды сонда? Бұрын әр ауылдың өзінің клубы, кітапханасы болатын. Шалғай ауылдың тұрғыны іріктеуден өтіп, үлкен сахнаға жолдама алатын. Ал қазір мұндай атымен жоқ. Әр ауылда, әр ауданда өзінің Димашы, Максимі бар. Қазақ өте талантты халық. Тек оларға жағдай жасалмайды. Жасөспірімдер арасында суицидтің артуы, өңірлердегі шиеленіс, қоғамдағы наразылық осыдан туып отыр", - деді ол.

Режиссердің пікірінше, мәдениетке деген қарым-қатынасты түп-тамырымен өзгерту қажет.

"Бізде әлі күнге дейін әдебиеттен бірде-бір Нобель лауреаты, Пулитцер сыйлығының лауреаты, әлемдік деңгейдегі ойшыл жоқ. Мүмкін олар бар да шығар, бірақ оларды әлем танымайды", - дейді Тұрсынов.

Осы орайда режиссер мәдениет министрлігінің жанынан мәдени саясат жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Ол консультативтік органға айналып, қадағалау функциясын жүзеге асыруы тиіс.

"Мәдениет министрлігі маңызды ведомстволардың біріне айналуы керек. Оны спорттан ажырату керек", - деген пікір айтты кеңес мүшесі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар