$ 447.4  477.55  4.76

Junior Eurovision-2019 байқауында бақ сынайтын Ержан Максимге қалай дауыс беруге болады?

Ержан Максим 19 сайыскердің арасында оныншы болып сахнаға шығады.

24 қарашада жас вокалист Ержан Максимнің Қазақстан мен басқа да елдердегі жанкүйерлері Junior Eurovision-2019 байқауының финалына көз тігеді. Музыка шоуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-де "Хабар" телеарнасынан тікелей көрсетіледі.

Қазақстанның атынан Junior Eurovision-2019 ән байқауына қатысатын Ержан Максим Instagram-парақшасында финал күні өзіне қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді.

Ержан Максимге дауыс беру үшін Junioreurovision.tv сайтына кіріп, сайыскерлер тізімінен оны және тағы екі өнерпазды таңдау керек. Содан кейін “Дауысты қабылдау”/”Дауыс беру” түймесін басу қажет.

Байқау көрермені екі рет дауыс бере алады: 23 қараша күні Junior Eurovision-2019 финалы басталғанға дейін және 24 қараша күні байқаудың барлық нөмірі орындалғаннан кейін жүргізушілер хабарлаған 15 минут аралығында.

Ержан Максим 19 сайыскердің арасында оныншы болып сахнаға шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ержан Максим