$ 494.87  520.65  4.91

«Қағазға қарап айттым»: Әлішер Кәрімов жеке концертінде масқара бола жаздады (ВИДЕО)

Әлішер қатарластарымен ән шырқағаннан гөрі, Халық әртісімен дуэт құрғанды құп көрген.

Сахнада 15 жыл! Ел алдында есеп берген Әлішер Кәрімов ән мәтіндерін жаттап үлгермеген. Сондай-ақ, аталған кеште Мақпал Жүнісова да сахнада сөзден жаңылды, деп хабарлайды Shownews.kz.

Әлішер Кәрімов өнердегі 15 жылдық мерейтойын зәулім сарайды атап өтті. Әнші кәсіби сахнадағы алғашқы қадамын Super Star Kz конкурсымен байланыстырады. Бірақ, аталмыш мегажобадағы достарын қуанышына шақырмапты.

«Біз 2005 жылы Super Star жобасы аяқталған кезде бір арабша әнді трио ретінде осы сахнада айттық. Одан кейін дуэт айтқан жоқпыз. Жоспарда болған жоқ», – дейді Әлішер Кәрімов.

Әлішер қатарластарымен ән шырқағаннан гөрі, Халық әртісімен дуэт құрғанды құп көрген. Мақпал ханым мен Кәрімовтің таныстығы «Қазақконцерт» ұйымында бастау алыпты. Жүнісова өнерде өз жолын тапқан інісіне, енді жеке өміріне көп көңіл бөлуін өтінді сахнада.

«Бір сұрақ қойсам. Мен қартаймай тұрғанда қашан үйленесің? (күледі) Тойыңа барып ән салайын деп едім. Қазір үйленбесең, кейін қалып қоясың бойдақ болып. Адам жалғыздыққа да үйреніп кетеді екен. Мен де 14 жыл болды ғой байсыз жүргеніме (күледі)», – деді Мақпал Жүнісова сахнаның дәл ортасында.

Халық алдындағы қызықтардың легі мұнымен таусылмақ емес. Осыдан он жыл бұрын бірігіп жазған туындыны бұл кеште қайта орындаған әріптестер сахнада сөзден жаңылып, әбден әбігерге түскен.

«Сол айтылмаған ғой, он жыл болды. Бүгін сол айтып, сөзінен шатасып екеуміз. Бағана репитицияда бәрі дұрыс болған. Әлішер де шатасты, мен де шатастым. Мен, бірақ, білдіртпей алып кеттім. Өзім сөзді қосып жібердім», – дейді Халық әртісі.

«Кейбір әндерді қағазға қарап айттым. Өйткені, сахнада концерттің алдында шабыт келіп, екі әнді қатарынан жазып тастағанымды халыққа айттым. Жап-жаңа әндер. Жаңа ғана тұсауы кесілді», – дейді Әлішер.  

Кәрімовтің концерттік бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Елге есеп берген әнші, Республика сарайында екі күн қатарынан кеш өткізді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары