$ 446.49  475.38  4.79

«Отаныммен мақтанамын!» - Димаш Құдайберген

Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт!

Әлемге танымал Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында концертін жоғары деңгейде өткізгені бәріңізге мәлім. 

Әнші елге оралған соң, өзіне қолдау көрсеткен, «атқа шапқанда тақымын қысқан» әр қазаққа шын жүректен алғысын білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзінің еліне арнаған алғысын Димаш Instagram-парақшасында білдірді. 

«Достар, мен, отаныма, Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!», - деп жазды Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары