$ 514.65  544.6  5.17

Ержан Максим Бакуде көрермендерді ерекше даусымен тәнті етті (ВИДЕО)

Ержанға қолдау білдіруге Бакуде тұрып жатқан қазақстандықтар, Әзербайжандағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің басшылығы мен қызметкерлері келді.

Ержан Максим Бакуде «Қыс 2019» үшінші халықаралық балалар фестивалінің гала-концертінде All by myself әнін орындап, көрермендерді тамсандырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Концерт алдында Ержан қызыл кілеммен жүріп өтіп, тілшілердің де сұрақтарына жауап беріп үлгерді. 

Ол Муслим Магомаевтың өнерін құрметтейтінін, әндерін сүйіп тыңдайтынын айтты. Ержанға қолдау білдіруге Бакуде тұрып жатқан қазақстандықтар, Әзербайжандағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің басшылығы мен қызметкерлері келді. 

Қазақстандықтың өнеріне тек қазақтар ғана емес, өзгелер де қошемет көрсетіп, ерекше ықылас көрсетті. Ержан әнді жоғары деңгейде орындап шықты. Концерт аяқталған соң іс-шара меймандары Ержан Максимнің өнерін жоғары бағалап, оған шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді. 

Ержан да әлеуметтік желіде қолдау көрсеткендерге алғысын білдіріп, жазба қалдырды.

«Мінеки, осымен бұл фестиваль да аяқталды. Аллаға шүкір, Әзербайжан елінің төрінде мен де көк туымды желбіретіп қайттым. Осы фестивальға мені де шақыртқаны үшін, бізді келген күннен бастап жылы қарсы алып және осы фестивальды өте жоғары деңгейде өткізгені үшін барша ұйымдастырушыларға @beatgroup үлкен ризашылығымды білдіргім келеді», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, «Қыс 2019» халықаралық балалар фестивалі биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Оған әзербайжандық балалардан басқа Ержан Максим (Қазақстан), Мария Магильная (Беларусь), Даниил Купч (Қазақстан), Варвара Кошевая (Украина), Клара Рот (Франция), Хиггинс-Хумес Рафаэл мен Кроу Шагуан (Ұлыбритания) қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ержан Максим