$ 498.34  519.72  4.85

«Немене, қыз сияқты ән айтасың?»: Димаш Құдайберген Андрей Малаховқа сұхбат берді (ВИДЕО)

Хабарға соңғы бірнеше жыл сұхбат бермеген Юрий Шатунов та келді.

Димаш Құдайберген «Привет, Андрей!» бағдарламасында бала кезінде өзін достары жоғары даусы үшін қалай мазақтағанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, «Россия 1» телеарнасына сілтеме жасап.

Андрей Малаховтың бұл жолғы қонақтары «Жыл әні» («Песня года») мерекелік бағдарламасының қатысушылары болды. Хабарға соңғы бірнеше жыл сұхбат бермеген Юрий Шатунов та келді. Сондай-ақ, Лев Лещенко, Филипп Киркоров, Николай Басков, Димаш Құдайберген, Лера Кудрявцева және басқалары болды.

Андрей Малахов Димаш Құдайбергенге қазір ол кезіндегі Юрий Шатунов сияқты танымал екенін айтты. Ал қазақстандық орындаушы бұл бағдарламаны бала кезінен көретінін және «Юра ағаның» (Юрий Шатунов) қалай өнер көрсететіні әлі есінде екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол балалардың өзіне не деп күлгенін есіне алды. «Ауладағы барлық досым «Немене, қыз сияқты ән айтасың? Жоғары дауыспен айтудың керегі не?» дейтін. Бізге мұғалімдер әнді сопраномен орындауды үйреткен. Осыдан кейін балалар бұл туралы жиі айта берді, содан мен даусымды басқаға өзгерткенім бар», - деді Димаш.

Ал Киркоров Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Любовь, похожую на сон» әнін ең үздік ремейк деп таныды. Айта кетелік, бұл хит әнді Алла Пугачева қазақстандық өнерпаз дүниеге келген жылы (1994) айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары