$ 498.34  519.72  4.85

«Анасы өзге азаматтың етегін ұстаған»: Жұлдыз Өмірғали алғаш рет марқұм әкесі жайлы ашып айтты

Әншінің әкесі бақилық болған соң анасы өзге азаматтың етегін ұстаған. Ал, екінші мәрте тұрмыс құрған келіншек балаларын ата-әжесіне аманаттапты.
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Атышулы Жұлдыз Өмірғали алғаш рет марқұм әкесі жайлы ашып айтты. Shownews.kz тілшісіне сырын ақтарған KeshYou тобының экс-солисі қаршадайынан асқар тауынан айырылған.

Жұлдыз Өмірғали жанұясындағы сырымен бөлісті. Әншінің әкесі бақилық болған соң анасы өзге азаматтың етегін ұстаған. Ал, екінші мәрте тұрмыс құрған келіншек балаларын ата-әжесіне аманаттапты.

«Мен үйдің үлкенімін. Менен кейін інім бар. Әкем дүние салғаннан кейін, анам екінші рет тұрмыс құрып, біз ата-әжеміздің қолында өстік. Анамның басқа отбасынан бір қызы бар. Аты – Айсәуле. Биыл мектеп табалдырығын аттайды», – дейді Жұлдыз.

Бүгінде бір отбасының аяулы анасы, адал жары атанған Жұлдызға Айқын барынша қамқорлық танытады. Жолдасынан қанша қолдау көргенімен, әнші бикештің әке тақырыбы турасында әттеген-айы көп.

«Әкем теміржол қызметкері болатын. Менің 13 жасымда көз жұмды. Ол кезде ешнәрсені түсіне қоймаппын. Кейін 1-2 жыл өте әкемнің орны ойсырап қалғанын түсіндім.  Өмірімді көптеген маңызды күндер болды. Сол кездерде әкемнің жанымда болғанын қаладым. Әкемді сағынамын. Оның орнын ешкім баса алмайды. Әке-шешесінің екінші рет шаңырақ көтергеніне ренжіп, ара-қатынасын үзетін ұл-қыздарды түсінбеймін. Тірі кезде қадірін білу керек. Мысалы, менің әкем қандай болса да, тек тірі болғанын қалар едім. Басқа қала, басқа елде тұрса да, мейлі, басқа әйелмен бас қосса да, тек қана оның бар болғаны және өмір сүріп жүргені керек. Әкемді есіме түсірсем, жылай беремін», – дейді Жұлдыз.

Қазіргі таңда Өмірғалидың өз жанұясы бар. Айқын Төлепберген мен Жұлдыздың ортақ некесінен Санжар, Айя атты ұлы мен қызы өсіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары