$ 444.32  473.33  4.76

Димаш пен Игорь Крутойдың шығармашылық байланысы тоқтағаны рас па?

Хабарламада Димашпен келісімшарттың барлығы «ДимашАли» шығармашылық орталығы арқылы жүзеге асатыны айтылды.
Фото: @dimash_usa/twitter
Фото: @dimash_usa/twitter

"ДимашАли" шығармашылық орталығының баспасөз қызметі желіде тараған Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутойдың шығармашылық қарым-қатынасына қатысты қауесеттің ақ-қарасын ажыратып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хабарламада Димашпен келісімшарттың барлығы «ДимашАли» шығармашылық орталығы арқылы жүзеге асатыны айтылды.

Баспасөз қызметі композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайберген арасындағы  шығармашылық және достық қарым-қатынасына сызат түспегенін атап өтті.

"Композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайберген арасындағы осы күнге дейін жалғасып келе жатқан шығармашылық және достық қарым-қатынас өте жақсы. Игор Крутоймен болатын 2020 жылға жоспарланған барлық концерттер кестеге сәйкес өтеді", - деп түсіндірді "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова.

Оған қоса, алғашқы сәттен бастап Димаштың Пекиндегі "BG Talent" компаниясымен келісімшартқа отырғаны сөз болды. Сонымен қатар, Димаш америкалық BMG (Bertelsmann Music Group) Еntertainment компаниясының өкілдерімен, сондай-ақ Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және т. б. елдердің композиторларымен шығармашылық байланыста.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары